5 сағат бұрын

«Барселона» cенімді жеңіске жетті

«Барселона» cенімді жеңіске жетті

«Барселона» Испанияның Ла Лигасы аясындағы кезекті турда «Мальорканы» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz

Матчтағы алғашқы голды 29-минутта «Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски соқты. 61-минутта Ламин Ямаль өз командасының басымдығын еселей түсті. Ал 83-минутта жартылай қорғаушы Марк Берналь «Мальорка» қақпасына үшінші голды соғып, ойынның түпкілікті есебін белгіледі.

Испания чемпионатының 23 турында «Барселона» 58 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. «Мальорка» 24 ұпаймен 13-орында орналасқан.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!