08.02.2026
«Интер Майами» Роналду мен Мессиді бір клубта біріктірмекші ме?
АҚШ-тың MLS лигасында өнер көрсететін «Интер Майами» клубы португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдудың болашағына қатысты жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл туралы инсайдер Хаит Амель-Амани мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, клуб басшылығы жобаның ұзақмерзімді даму жоспарын пысықтауда. Бұл ретте команданың қосалқы иесі Дэвид Бекхэмнің стратегиялық көзқарасы ерекше рөл атқарып отыр. Ол бір клубта қазіргі заман футболының екі басты жұлдызы — Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді — мансаптарының соңғы кезеңінде біріктіру идеясынан әлі бас тартқан жоқ.
Лионель Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдан бері ойнап келеді. 2025 жылдың қазан айында аргентиналық футболшы клубпен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартты. Ол кәсіби мансабын АҚШ-та аяқтауды жоспарлап отыр.
Ал Криштиану Роналду 2022 жылдың желтоқсанында саудиялық «Әл-Наср» клубымен келісімшартқа отырған. 2025 жылдың маусымында португалиялық шабуылшы келісімін тағы екі маусымға — 2027 жылдың 30 маусымына дейін — ұзартқан болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»