08.02.2026
Роналду «Әл-Насрға» қатаң талап қойды
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср» клубындағы жағдайға наразы екенін білдіріп, мансабын жалғастыру үшін нақты шарттар қойды.
Футболшы клубтың трансфер саясатына көңілі толмай отыр. Ол Мемлекеттік инвестициялық қордың чемпиондыққа «Әл-Хиляль» командасына басымдық беріп, «Әл-Насрды» күшейтпей отырғанын айыптайды. Роналду жақын арадағы трансферлік кезеңде нақты өзгерістер күтеді және қордан барлық клубтарға тең қатынас орнатуды талап етеді.
«Егер менің қатаң талаптарым жаздағы трансфер терезесінде орындалмаса, кетемін», — деді португалиялық шабуылшы.
Айта кетейік, құрамды елеулі күшейтусіз Роналду елден кетуді қарастыруға дайын. Бұған дейін ол наразылық ретінде «Әл-Насрдың» екі матчынан тыс қалған еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»