08.02.2026
Гвинеялық шабуылшы Қазақстанда қалуы мүмкін
Гвинеялық шабуылшы Усман Камара «Астанадан» кеткен соң Қазақстан Премьер-Лигасында ойынын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды AmanVIBE.
Дереккөз мәліметінше, футболшының қызметіне Шымкенттің «Ордабасы» клубы қызығушылық танытып отыр. Клуб футболистің өкілдерімен байланысқа шығып, трансфер мүмкіндігін қарастыруда. Өткен маусымда 27 жастағы шабуылшы Қазақстан чемпионатында 26 матч өткізіп, 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Усман Камара «Астанамен» келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған клуб тарапынан жалақының уақытылы төленбеуі себеп болды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»