12 сағат бұрын

«Қайраттың» «Арсеналдан» жеңілуі тәжірибе деп бағаланды

«Қайраттың» «Арсеналдан» жеңілуі тәжірибе деп бағаланды

Алматылық «Қайраттың» Англия Премьер-Лигасы мен Еуропада үстемдік етіп жүрген командадан алған жеңілісі клуб үшін пайдалы тәжірибе ретінде бағаланды.

Қазақстандық бірнеше клубта ойнаған, қазіргі таңда Шымкенттегі футбол академиясының жетекшісі қызметін атқаратын Елмар Набиев Sports.kz сайтына берген сұхбатында «Арсенал» — «Қайрат» матчындағы лайықты жеңілісті оң нәтиже ретінде қарастыруға болатынын айтты.

— Әрине, мұндай ойындарды плюсқа жазуға болады. Себебі «Қайрат» тек Чемпиондар лигасының көшбасшысымен емес, соңғы жылдары АПЛ мен Еуропада доминант болып жүрген командамен ойнады. Лондонда 3:2 есебімен аяқталған матч — «Қайрат» үшін жақсы нәтиже әрі баға жетпес тәжірибе, — деді маман.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін бір ұпаймен аяқтап, турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтаған еді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!