11 сағат бұрын

«Астана» мен «Шахтердің» бұрынғы жұлдызы футболмен қоштасты

«Астана» мен «Шахтердің» бұрынғы жұлдызы футболмен қоштасты

Бұрынғы «Астана» мен «Шахтер» клубтарының жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс ресми түрде футболшы мансабын аяқтағанын хабарлады.

— Мен ресми түрде футболшы мансабымды аяқтадым және әлі қандай жұмысқа бет бұратынымды білмеймін. Қазір Колумбияда тыныш өмір сүріп жатырмын, — деді Каньяс.

Еске сала кетейік, Колумбия жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Қазақстан Премьер-Лигасында 220 матч өткізіп, төрт чемпиондық титулға қол жеткізген. Сондай-ақ ол «Ордабасы» және «Иртыш» командаларында ойнаған.

35 жасар Каньяс соңғы рет «Шахтер» сапында 2024 жылдың соңында өнер көрсеткен.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!