10 сағат бұрын
Арман Кенесов ресми түрде «Ақтөбеге» ауысты
Белгілі қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кенесов ресми түрде «Ақтөбе» командасына қосылды.
25 жастағы футболшы «Астана» клубынан уақытша («аренда») негізде «қызыл-ақ» командаға ауысты.
Еске сала кетейік, Кенесов бұрын «Ақтөбе» сапында 2020–2024 жылдары өнер көрсеткен. Сол уақытта ол барлық турнирлерде 85 матч өткізіп, 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас жасаған. Сонымен қатар, ол клубпен Қазақстан Кубогын жеңіп алған.
Сонымен қатар Арман «СКА-Хабаровск» (Ресей), «Кайсар» (Қызылорда), «Астана» және «Иртыш» (Павлодар) командаларында ойнаған. Ол Қазақстан құрамасына үміткер болып саналады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!