9 сағат бұрын

Луиш Нани алғашқы жаттығуын өткізді

Луиш Нани алғашқы жаттығуын өткізді

39 жастағы португалиялық вингер Луиш Нани Түркияда «Ақтөбе» командасымен алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Нани жаттығуға алғаш рет қатысып, дәстүрлі «құрмет дәлізінен» жүгіріп өтті. Жаттығу қалпына келтіру сипатында болды.

Айта кетейік, Нани Португалия сапында 2016 жылы Еуропа чемпионы атанып, өз мансабында «Манчестер Юнайтед» сынды алпауыт клубта өнер көрсеткен.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!