7 сағат бұрын
Беларусь құрамасының футболшысы биыл «Тобылда» ойнайды
Фото: «Тобыл» футбол клубы
Қостанайлық «Тобыл» клубы Беларусь жартылай қорғаушысы Максим Мякишпен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Максим 2000 жылғы 3 наурызда Гродно қаласында дүниеге келді, жергілікті «Неман» клубының түлегі. Әр жылдары ол бірқатар Беларусь клубтары сапында өнер көрсетті.
2018 жылы Португалияның «Униан Лейрия» клубында бір маусым өткізді. Кейін БАТЭ клубына ауысып, жастар командасы біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Жартылай қорғаушы мансабындағы маңызды кезең «Торпедо-БелАЗ» клубымен байланысты. Үш маусым ішінде барлық турнирде 95 матч өткізіп, Беларусь Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.
2025 жылы ол «Динамо Минск» клубына ауысты.
Максим 2025 жылы ұлттық құрама сапында дебют жасады.
Максим — қорғаныста да, шабуылда да тиімді ойнай алатын әмбебап орталық жартылай қорғаушы. Бойы 1,91 м болатын ойыншы орталық қорғаушы және оң қапталдағы жартылай қорғаушы позицияларын «жаба» алады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!