6 сағат бұрын
Беларусьтік қорғаушы «Атырау» сапында ойнайды
Фото: «Атырау» футбол клубы
«Атырау» футбол клубының қатарына беларусьтік қорғаушы Егор Хвалько қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Беларусь құрамасының тәжірибелі ойыншысы енді атыраулық клубтың намысын қорғайды.
Футболшы қазірге дейін «Неман» (Беларусь), «Неман-2», «Дняпро», «Арсенал Дзержинск» және «Кяпаз» (Әзербайжан) клубтарында ойнаған.
«Атырау» футбол клубы Ескендір Қыбырай, Лука Згурский, Вадим Афанасенко, Дмитро Рижук, Василий Совпель, Цветелин Чунчуков, Данияр Урда, Карим Смыков, Әлішер Сүлеймен, Вадим Яковлев, Нұрдәулет Байбосынов және Нұрдәулет Орынбасардың командадан кеткенін жариялады.
Айта кетсек, «Атырау» футбол клубының бас бапкері Виталий Леонидович Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартын ұзартты.
Беларусьтік маман команда тізгінін 2022 жылғы маусым ортасында қолына алып, 2024 жылы «Атырауды» Қазақстан Кубогының финалына шығарды. Ал өткен маусымда командаға қайта оралып, клубтың Премьер-лигадағы орынын сақтап қалуына зор үлес қосты.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!