6 сағат бұрын
Геннадий Скуртул UEFA Jira Panel отырысына қатысты
Фото: ҚФФ
Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде UEFA Jira Panel-дің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған жиынға Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Геннадий Скуртул қатысты.
Бапкерлерді даярлау саласындағы UEFA Jira Panel құрамында Еуропаның әр елінен жиналған 22 сарапшы бар.
Панельдің негізгі міндеттері:
• бапкерлерді даярлау саласындағы УЕФА стандарттарын ұсыну;
• ұлттық қауымдастықтардағы бапкерлерді оқыту жүйесін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу және сараптамалық ұсынымдар беру;
• УЕФА-ның Бапкерлер конвенциясы аясында ұлттық қауымдастықтарға мониторинг жүргізу, қолдау көрсету және кеңес беру;
• қауымдастықтардың УЕФА Конвенциясындағы мүшелігін қайта бағалау үдерістеріне қатысу.
Геннадий Скуртул 2013 жылдан бері UEFA Jira Panel мүшесі және аталған комиссиядағы ең тәжірибелі сарапшы саналады. Сондай-ақ ол УЕФА-ның бапкерлерге арналған нұсқаушыларды дамыту жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді.
Геннадий Скуртул Jira Panel аясындағы жұмыс барысында УЕФА-ға мүше бірқатар ұлттық қауымдастықтарда бапкерлерді даярлау жүйесінің дамуын үйлестіреді және сүйемелдейді. Сонымен қатар, ол Jira Panel-дің жаңа мүшелеріне менторлық жасап, олардың комиссия жұмысына тиімді кірігуіне көмектеседі.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!