5 сағат бұрын
«Ордабасы» армениялық клубтан басым түсті
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Шымкенттік «Ордабасы» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Алашкертті» (Армения) 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Ордабасы» сапында Димитар Митков пен Никола Антич гол соқты.
Енді Андрей Мартин шәкірттері келесі ойынында 14 ақпанда «Андижан» (Өзбекстан) клубымен шеберлік байқасады.
Бас бапкер Александр Мартин оқу-жаттығу жиынына төмендегі ойыншыларға сенім білдірді. Олардың арасында тәжірибелі футболшылармен қатар жастар да бар.
Қақпашылар: Бекхан Шайзада, Кажымұқан Төлепберген, Аян Әбдіхалык;
Қорғаушылар: Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Әбдәшім Әнуар, Әли Тұрғанов, Сұлтанбек Астанов;
Жартылай қорғаушылар: Зикрилло Султаниязов, Муроджон Халматов, Әмір Жасұлан, Кристиан Капацина, Юрий Вакулко, Нұрдәулет Серік;
Шабуылшылар: Бәкір Джамалов, Эвертон Мораес, Нұралы Бақдәулет, Наумец Владислав, Тоқтыбай Мағжан, Тоқтыбай Біржан, Әлібек Халдар.
Бірінші жиын команда Шымкентте 10–21 қаңтар аралығында өткізген еді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!