7 сағат бұрын

«Каспий» түркиялық қорғаушыны қатарға қосты

«Каспий» түркиялық қорғаушыны қатарға қосты

Фото: «Каспий» футбол клубы

 Түркиялық қорғаушы Берат Дегирменджи ақтаулық «Каспий» футбол клубымен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Берат Дегирменджи 2004 жылдың 15 қарашасында Ыстанбұл қаласында дүниеге келген. Футбол жолын «İstanbulspor» академиясында бастап, кейін «Tepecikspor» және «Beykoz İshaklı Spor» клубтарында өнер көрсетті.

Айта кетейік, өткен маусымда «Каспий» Бірінші лиганың жеңімпазы атанып, КПЛ-ге жолдама алды. Жуырда команданың бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Пиралы Әлиев тағайындалған болатын.

Алдағы маусымда Мақсат Тайкенов, Диёржон Арипов, Мейрамбек Серікбай және Самат Шәмші «Каспий» сапында ойнайтын болды.

Клуб сапынан қорғаушы Қасымжан Таипов, сондай-ақ жартылай қорғаушылар Вячеслав Раскатов, Еркебұлан Нұрғалиев және Бақдәулет Конлимкос кетті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!