7 сағат бұрын
Амир Мохаммад «Қайсар» сапын толықтырды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Ресейлік 30 жастағы қорғаушы Амир Мохаммад «Қайсар» футбол клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Амир ресейлік «Анжи» футбол клубының түлегі. Ол «Химки» және «Балтика» сапында сәтті өнер көрсетіп, Ресей ұлттық лигасының екі дүркін жеңімпазы атанған.
Амир Мохаммад 1996 жылы дүниеге келген. 2015 жылдан бері «Легион-Динамо», «Анжи», «Красный», «Авангард», КаМАЗ, «Химки», «Балтика» клубтарында доп тепкен.
Биыл команда алдында жүлделі орындардың біріне ілігу және Қазақстан кубогына қол созу міндеті тұр. Сондықтан олар алдымен бас бапкерді ауыстырды. Бұл қызметке қазақстандық маман Андрей Ферапонтов келді.
Команда құрамына биыл нигериялық танымал футболшы Виктор Мозес қосылды.
Команда басшылығы өткен жылғы құрамнан қақпашы Нұрымжан Салайдин, қорғаушы Темірлан Мұрзағалиев пен Әділет Кеңесбек, жартылай қорғаушы Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев, шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісімшарт мерзімін ұзартты.
Сондай-ақ команда құрамына шетелден жаңадан қақпашы Адам Ковач (Словакия), қорғаушы Никола Цуцкич (Сербия), шабуылшы Томас Джонс (Чили) келді.
Оған қоса қазақстандық қорғаушы Нияз Ыдырысов, жартылай қорғаушы Сағи Совет, шабуылшы Алияр Мұхамед, алдағы маусымда қызылордалық клуб сапында ойын көрсетеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!