7 сағат бұрын
«Астана» РПЛ-дың он дүркін чемпионымен тең түсті
Фото: «Астана» футбол клубы
Елордалық «Астана» Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Спартак» командасымен тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. «Астана» сапында Карло Бартолец мергендік танытты. Енді елордалық клуб алдағы ойынын 13 ақпанда қытайлық «Чжэцзян Профешнлға» қарсы өткізеді.
Айта кетейік, «Астана» алдыңғы оқу-жаттығу кезеңін елордадағы «Астана Арена» стадионында өткізген еді.
Команда 2 ақпанда Дубайға аттанып, жаңа маусымға толыққанды дайындық өткізуге мән берді. Жаттығуға шақырылған футболшылар тізіміне Қазақстандық ойыншылардың қатарында легионерлер де қосылған.
Еске салайық, өткен маусымда КПЛ-де «Астана» 57 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген. Бұл клубқа УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!