4 сағат бұрын
Жозе Моуриньо ұлттық құрама тізгінін ұстайтын болды
Фото: UEFA.com
Португалиялық 63 жастағы маман Жозе Моуриньо 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Португалия құрамасының бас бапкері болуы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.
Португалия құрамасының қазіргі бапкері Роберто Мартинестің келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталады.
Жозе Моуриньо қазір Португалияның «Бенфика» клубында бас бапкер қызметін атқарады.
Тәжірибелі маман 1986 жылдан бері бапкерлік қызметте келеді. Ол алғашқы жылдары Португалияның «Витория Сетубал» клубының түрлі жастағы командасында еңбек етсе, одан кейін сол елдің «Эштроела», «Спортинг Лиссабон», «Порту» клубтарының тізгінін ұстады.
Одан кейін «Барселона» (Испания), «Униан Лейрия» (Португалия), «Порту» (Португалия), «Челси» (Англия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Тоттенхэм Хостпурс» (Англия), «Интернационале» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания), «Рома» (Италия), «Фенербахче» клубтарында бас бапкер болды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!