7 сағат бұрын

«Тоттенхэм» бас бапкерін қызметінен босатты

«Тоттенхэм» бас бапкерін қызметінен босатты

Фото: aljazeera.com

Даниялық бапкер Томас Франк «Тоттенхэм» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тәжірибелі бапкер лондондық клуб тізгінін биылғы маусымда ұстаған еді. Оның жетекшілігімен команда 38 матчта 13 мәрте жеңіске жетіп, 10 тең ойын тіркесе, 15 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Томас Франк 2008 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді. Алдымен Данияның 16, 17, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер және жастар құрамаларында еңбек етсе, 2013-2016 жылдары сол елдің «Брондбю» клубыныңда бас бапкер болды.

Ал 2016-2018 жылдары Англияның «Брентфорд» клубында бас бапкердің көмекшісі болса, одан кейін сол командада 2025 жылға дейін бас бапкер болды.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!