6 сағат бұрын
Чемпиондар лигасында гол соққан қазақ футболшысы 21 жасқа толды
Фото: kazfootball.kz
Бүгін «Қайрат» жартылай қорғаушысы Олжас Байбек 21 жасқа толды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олжас Түркістан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. Ол 2016 жылы «Қайратқа» қосылды. Бастапқыда клуб филиалында, кейін Академияда тәрбиеленді.
2022 жылы Байбек «Қайрат-Жастар» сапында Бірінші лигада дебют жасады, ал келесі маусымда QJ League чемпионы атанып, турнирдің үздік жартылай қорғаушысы болды. 2024 жылғы қазанда Олжас негізгі командада «Тұранмен» (5:1) өткен матчта алғаш рет бастапқы құрамда ойнады. Үшінші ойынында «Ордабасыға» (2:1) жеңіс голын соқты. Сол гол — чемпиондық жарыста шешуші сәт болды.
Өткен маусымда Байбек «Копенгагенмен» (2:3) болған сырт алаңдағы матчта ерекшеленіп, УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінде гол соққан екінші Қазақстан ойыншысы атанды. Жалпы сары-қаралар сапында 21 матч өткізіп, 2 гол соқты.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!