5 сағат бұрын

Маурисио Почеттино «Тоттенхэм Хотспурға» оралуға қарсы емес

Маурисио Почеттино «Тоттенхэм Хотспурға» оралуға қарсы емес

Фото: bbc.com

Аргентиналық бапкер Маурисио Почеттино «Тоттенхэм Хотспур» командасына оралуға қарсы еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тәжірибелі маман лондондық клубта 2014-2019 жылдары бас бапкер қызметін атқарған еді. Оның басшылық жасаған кезінде команда Англия Премьер-лигасында бірнеше мәрте екінші және үшінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы финалына дейін жетті.

Маурисио Почеттино 1972 жылы дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретінде 1989-2006 жылдар аралығында Аргентина, Испания, Франция чемпионатында ойын көрсетті. 

Бапкерлік қызметінде «Эспаньол» (Испания), «Саутгемптон» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Челси» (Англия) клубтарында еңбек етті.

2024 жылдан бері АҚШ құрамасының тізгінін ұстады.   



Біздің серіктес: Бізге тіркел!