4 сағат бұрын

Мохамед Салах мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Мохамед Салах мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін

Фото. championat.com

Англияның «Ливерпуль» командасының ойыншысы Мохамед Салах мансабын Сауд Арабиясында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, футболшымен «Аль-Иттихад» клубы келіссөз жүргізіп жатыр. Мысырлық футболшы өткен жылмен салыстырғанда трансферге қарсылық білдіріп отырған жоқ.

Мохамед Салах 1992 жылы 15 маусымда Мысырда дүниеге келген. Сол елдің бірқатар клубында бала кезінде футбол әліппесін үйренді. 

2012 жылы мысырдың «Мокавлун» клубында ойнаса, одан кейін Швейцарияның «Базель», Англияның «Челси», Италияның «Фиорентина», «Рома» клубтарында доп тепті. 

2017 жылдан бері «Ливерпуль» сапында ойын көрсетіп келеді.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!