4 сағат бұрын

Александр Нойок «Қызылжар» сапынан кетті

Александр Нойок «Қызылжар» сапынан кетті

Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Александр Нойок «Қызылжар» футбол клубымен келісімшартының аяқталуына байланысты клубпен қоштасты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Украиналық жартылай қорғаушы Александр Нойок ресми түрде Қазақстан Премьер-Лигасының «Атырау» клубының ойыншысы атанды. 33 жастағы футболшы клубқа бұрын, 2023–2024 жылдары да қатысқан болатын.

Өткен маусымда Нойок «Қызылжар» командасында өнер көрсетіп, КПЛ-де 22 ойынға шықты. Сол ойындарда нәтижелі әрекет жасамаған, екі сары және бір қызыл қағаз алған.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!