4 сағат бұрын
«Хартс» Ислам Чесноковқа қазақша тілектестігін білдірді
Фото: «Хартс» футбол клубы
Қазақстандық Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» командасы сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шотландиялық команда қазақстандық футболшының бұл тұсаукесер ойынын жоғары бағалады. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында тілектестігін білдірді.
«Алғашқы қадамыныз құтты болсын, Ислам» деп жазды олар.
Ислам Чесноков 1999 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Алтай» командасының түлегі футболдағы алғашқы қадамын 2018 жылы өз ұжымында бастады. Одан кейін 2021-2022 жылдары Беларусьтің «Белшина» сапында ойнаған ол 2023 жылдан бері Қостанайдың «Тобыл» командасының намысын қорғап келеді.
2023 жылдан бері ұлттық құрама сапында 21 ойында 3 гол соғып үлгерді.
Еске салсақ, өткен маусымда Ислам Чесноков «Тобыл» сапында барлық турнирлерде 29 ойын өткізіп, 10 гол соқты және 5 гол пасын берді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!