6 сағат бұрын
«Ақтөбе» клубы жолдастық ойында жеңіске жетті
«Ақтөбе» Түркияда өтіп жатқан команданың үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстанның атақты клубы өзбекстандық «Навбахор» командасымен кездесті.
Бас бапкер Николай Костов алаңға келесі бастапқы құрамды шығарды: Заруцкий, Каиров, Ордец, Ерланов, Досмағанбетов, Корзун, Альварес, Сейдахмет, Желькович, Coca, Шушеначев.
Ақтөбеліктердің жұлдызды жаңа ойыншысы, португалиялық Нани бұл матчтың өтініміне енгенімен, ойын бойы қосалқы құрамда отырды.
Кездесу «Ақтөбенің» 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Команданың жалғыз голын 90-минутта Аян Байдәулетов соқты.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов