4 сағат бұрын
Қазақстан Ұлттар лигасында кімдермен ойнайды?
Бельгияның Брюссель қаласында 2026 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы «С» Лигасының 3-тобына Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамаларымен түсті.
Топтық кезеңнің матчтары 2026 жылы 24 қыркүйек пен 17 қараша аралығында өтеді деп жоспарланған. Ойын кестесі кейінірек жарияланады.
Ұлттар лигасында өз тобында үздік болған құрамалар 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасына таласады.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов