4 сағат бұрын
Ресейлік қорғаушы «Атырау» сапына қосылды
«Атырау» футбол клубы қорғаушы Дмитрий Яшинмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дмитрий Яшин кәсіби мансабын Ресейде бастап, «Терек» клубының жүйесінде өнер көрсеткен. Әр жылдары «Сокол», «Орёл», «Байкал», «Крумкачы», «Гандзасар», «Луч», «Дняпро», «Торпедо-БелАЗ», «Ақтөбе», «Елімай», «Кубань», «Машьал» командаларының сапында ойнаған.
Ол - Қазақстан Премьер-лигасында 35 матч өткізген тәжірибелі футболшы.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!