3 сағат бұрын

UEFA Ұлттар лигасы 2026/27 жылғы маусымының жеребесі тартылды

UEFA Ұлттар лигасы 2026/27 жылғы маусымының жеребесі тартылды

Фото: ҚФФ

Футболдан 2026/27 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандастарымыз алдағы маусымда С лигасының үшінші тобында ойнайтын болды. Қарсыластары - Словакия, Фарер аралдары және Молдова. 

Жеребе алдында ұлттық бірінші себетке орналасты. Онда бізден өзге Исландия, Албания, Черногория болды.

А лигасы

1 топ: Франция, Италия, Бельгия, Түркия.

2 топ: Германия, Нидерланды, Сербия, Грекия.

3 топ: Испания, Хорватия, Англия, Чехия.

4 топ: Португалия, Дания, Норвегия, Уэльс.

B лигасы

1 топ: Шотландия, Швейцария, Словения, Солтүстік Македония.

2 топ: Венгрия, Украина, Грузия, Солтүстік Ирландия.

3 топ: Израиль, Австрия, Ирландия, Косово.

4 топ: Польша, Босния және Герцеговина, Румыния, Швеция.

C лигасы

1 топ: Албания, Финляндия, Беларусь, Сан-Марино.

2 топ: Черногория, Армения, Кипр, Латвия/Гибралтар.

3 топ: Қазақстан, Словакия, Фарерские аралдары, Молдова

4 топ: Исландия, Болгария, Эстония, Люксембург/Мальта.

D лигасы

1 топ: Гибралтар/Латвия, Мальта/Люксембург, Андорра.

2 топ: Литва, Әзербайжан, Лихтенштейн.

Топтық кезеңде әр команда алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда. Ойындар 2026 жылдың қыркүйегінде басталып, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық терезелерде өтеді. 

Күнтізбе. Ұлттар лигасы-2026/27

1 тур. 24-26 қыркүйек 2026 жыл.

2 тур. 27-30 қыркүйек 2026 жыл.

3 тур. 30 қыркүйек-3 қазан 2026 жыл.

4 тур. 4-6 қазан 2026 жыл.

5 тур. 12-14 қараша 2026 жыл.

6 тур. 15-17қараша 2026 жыл.

Ширек финал, плей-офф -25-30 наурыз 2027 жыл.

Қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!