3 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы Түркістанда Мажарстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Түркістанда Мажарстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: ҚФФ

ҚФФ ұлттық құрамалар арасында жолдастық матч өткізу жөнінде Мажарстан футбол федерациясымен келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Кездесу 2026 жылдың 9 маусымына белгіленген. Ойын «Түркістан Арена» стадионында өтеді. 

Алдағы кездесу Қазақстан мен Мажарстан құрамалары арасындағы үшінші матч болмақ. Бұған дейінгі екі ойында Қазақстан құрамасы бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапқан.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!