7 сағат бұрын
Англиялық белгілі футболшы «Фейеноорд» ойыншысы атанды
Фото. chelseafc.com
Англиялық футболшы Рахим Стерлинг – «Фейеноорд» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол мерзімі маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін 31 жастағы ағылшындық ойыншы «Челси» сапында өнер көрсеткен болатын.
Рахим Стерлинг 1994 жылы 8 желтоқсанда Ямайкада дүниеге келген. Алғашқы мансабын 2012 жылы Англияның «Ливерпуль» командасында бастады. 2015-2025 жылдары «Манчестер Сити», «Челси», «Арсенал» клубтарында ойнады.
2012-2022 жылдары Англия ұлттық құрамасының намысын қорғады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»