Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Давид Лория: «УЕФА Конгресінің Қазақстанда өтуі – халықаралық сенімнің айқын көрінісі»

Давид Лория: «УЕФА Конгресінің Қазақстанда өтуі – халықаралық сенімнің айқын көрінісі»

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Қазақстанның келер жылы УЕФА-ның 51-конгресін қабылдайтын ел ретінде таңдалуына қатысты пікір білдірді, деп хаабрлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

«Бұл өте ауқымды оқиға, Қазақстан футбол федерациясына көрсетілген құрмет пен сенімнің белгісі.

Келесі Конгрестің өтуі - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бейбітшілік, тұрақтылық және дипломатия саясаты аясында ерекше маңызға ие.

Былтыр Мемлекет басшысының шақыруымен УЕФА президенті Александер Чеферин жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Сапар аясында елімізде футболмен бір миллионнан астам адам айналысатыны туралы айтылды. Бүгінде көрсеткіш артып келеді.

Еуропада ұлттық федерациялар жұмысының ашықтығы, тұрақтылығы және тиімділігіне ерекше мән берілетінін жақсы білеміз. Сондықтан осындай мәртебелі форумның Қазақстанда өтуі - сенім мен жоғары ұйымдастырушылық деңгейдің мойындалуы.

Айта кету керек, кезекті 51-конгрес сайлау түрінде өтіп, онда УЕФА-ның жаңа президентін сайлау рәсімі ұйымдастырылады. Бұл оқиға тарихи мәнге ие.

Сонымен қатар, 2027 жылы Қазақстан жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатын қабылдайды. Бұл алдағы жылдары бізді күтетін тағы бір маңызды халықаралық оқиға болмақ», деп атап өтті Давид Лория.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»