Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Астана» қытайлық командамен тең түсті

«Астана» қытайлық командамен тең түсті

Фото: «Астана» футбол клубы

Елордалық «Астана» оқу-жаттығу жиыны барысында қытайлық «Чжэцзян Профешенл» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл кездесу екі команданың тең түсуімен аяқталды. Қазақстандық команда сапынан Назми Грипши мен Дінмұхаммед Қараман мергендік танытты.

Команда 2 ақпанда Дубайға аттанып, жаңа маусымға толыққанды дайындық өткізуге мән берді. Жаттығуға шақырылған футболшылар тізіміне Қазақстандық ойыншылардың қатарында легионерлер де қосылған.

Еске салайық, өткен маусымда КПЛ-де «Астана» 57 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген. Бұл клубқа УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»