6 сағат бұрын
«Тоттенхэмнің» жаңа бас бапкері кім болады?
Фото: nytimes.com
Игор Тудор Хорватиялық маман «Тоттенхэм» бас бапкері атанады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.
Игор Тудор 1978 жылы 16 сәуірде дүниеге келген. Кәсіби мансабында 1995-2008 жылдары «Хайдук» (Хорватия), «Ювентус» (Италия), «Сиена» (Италия) клубтарында ойнады.
2009 жылдан бері «Хайдук», Хорватия құрамасы, ПАОК (Грекия), «Карабюкспор» (Түркия), «Галатасарай» (Түркия), «Удинезе» (Италия), «Верона» (Италия), «Лацио» (Италия), «Ювентус» (Италия), «Марсель» (Франция) клубтарының тізгінін ұстады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»