6 сағат бұрын
Қазақстан чемпионы «Оқжетпес» сапына қосылды
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» командасы жартылай қорғаушы Владислав Васильевпен ресми келісімшарт орнатт, деп хабарлайды Sport12.kz.
Владислав Васильев қарағандылық «Шахтёр» футбол мектебінің түлегі. Бразилияда «Оле Бразил» академиясында білім алған. Кәсіби футбол мансабында «Энергетик-БГУ», «Динамо», «Динамо Брест», «Минск», «Рух», «Әндіжан», «Тобыл», «Ордабасы», «Ертіс» командаларында ойнаған.
2023 жылғы Қазақстан футбол маусымында «Ордабасы» сапында чемпион атанған.
2020-2022 жылдары Қазақстан Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»