4 сағат бұрын
Колумбиялық шабуылшы «Елімай» сапына қосылды
Бүгін колумбиялық шабуылшы Дубан Фелипе Паласио Москера семейлік «Елімай» футбол клубы қатарына ресми түрде қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол 1997 жылғы 16 наурызда Колумбияның Эль-Багре қаласында дүниеге келді. Бұған дейін Боливияның Жоғарғы дивизионында «Насьональ Потоси» клубында өнер көрсетіп өткен маусымда 36 ресми ойында 7 гол авторы атанды.
Жылдамдығы мен шабуылдағы белсенді ойынымен ерекшеленетін ойыншы енді «Елімайдың» шабуыл шебін күшейтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»