Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

«Спартак» академиясының түлегі «Алтай» қақпасын қорғайтын болды

«Спартак» академиясының түлегі «Алтай» қақпасын қорғайтын болды

Фото: «Алтай» футбол клубы

 Өскемендік «Алтай» ресейлік қақпашы, мәскеулік «Спартак» академиясының түлегі Иван Андреевич Коноваловпен ресми келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Коновалов өз мансабында Ресей, Сербия, Беларусь, Қазақстан, Шотландия және Әзербайжан чемпионаттарында өнер көрсетіп, «Рубин», «Урал», «Ливингстон», «Тобыл», «Туран Товуз» және «Динамо Минск» клубтарының намысын қорғады.

2025 жыл Өскеменнің «Алтай-Өскемен» футбол клубы үшін нағыз серпіліс жылы болды. Команда маусым барысында барлық фавориттерді жолынан қағып, өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.

Қаланы дамыту жоспары да футболмен тығыз байланысты. Өскемен қаласының әкімі алдағы уақытта заманауи жабық стадион салынатынын мәлімдеді. Бұл бастама өңірдегі футбол инфрақұрылымын түбегейлі жаңартып, клубтың болашағына үлкен серпін бермек.

Осылайша, «Алтай-Өскемен» тек КПЛ-ға жолдама алып қана қоймай, алдағы жылдарға да үлкен мақсаттар қойып отыр.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»