9 сағат бұрын
«Жеңіс» басшылығы жаңа ойыншы Сағадат Тұрсынбай жайлы пікірін білдірді
Фото: «Жеңіс» футбол клубы
«Жеңіс» командасының бас директоры Айдын Қожахмет жаңа ойыншысы Сағадат Тұрсынбай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сағадат – шымкенттік футбол мектебінің түлегі. Ол өз мансабында «Ордабасы», «Тараз», «Тобыл», «Ертіс» және «Мақтаарал» секілді ұжымдарда өнер көрсетіп, Премьер-лиганың ең сенімді қорғаушыларының бірі ретінде танылды.
- Сағадат Тұрсынбай – таныстыруды қажет етпейтін ойыншы. Ол Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер және қорғаныстағы бірнеше позицияны қатар жаба алады. Оның әмбебаптығы, атлетизмі мен ҚПЛ-дағы мол тәжірибесі біздің жаттықтырушылар штабының талаптарына толықтай сай келеді. Сағадат «Жеңіс» сапында сапалы прогреске қол жеткізіп, құраманың негізгі құрамына нық орнығатынына сенімдімін. Құрамымызды осындай шебер футболшымен күшейткенімізге қуаныштымыз, - деді клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Өткен жылы команданың бас бапкері болған Андрей Демченко қызметінен кетті. Оның орнына Али Алиев тағайындалды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»