6 сағат бұрын
«Ұлытау» екінші лигада ойнайтын ресейлік командамен тең түсті
Фото: «Ұлытау» футбол клубы
Жезқазғандық «Ұлытау» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесуде Ресейдің «Ленинградец» клубымен тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ресейлік клуб 2018 жылы құрылған. Қазір өз елінің екінші лигасында сынға түседі. Командаға беларусьтік маман Алексей Бага бап бапкерлік жасайды.
Кездесу барысында жезқазғандық клуб сапынан Вадим Афанасенко гол соқты. Команда оқу-жаттығу жиынын жалғастырады.
Жезқазғанның «Ұлытау» клубы 53 жастағы қазақстандық маман Нұркен Мазбаевпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады
Мазбаев команда тізгінін 2025 жылғы маусымның ортасында қолға алып, клубты Премьер-лигадағы орнында сақтап қалуға қол жеткізді.
Маманның маусым соңындағы көрсеткіштері келесідей: 12 матч, оның ішінде 2 жеңіс, 5 тең ойын және 5 жеңіліс.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»