Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Асхат Сейсембек «Ордабасыда» қызмет атқармайтын болды

Асхат Сейсембек «Ордабасыда» қызмет атқармайтын болды

Фото: «Ордабасы» футбол клубы

«Ордабасы» футбол клубы Асхат Рашидұлы Сейсембекке клуб президенті қызметіндегі еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Асхат Рашидұлы қызметке ұйымдастырушылық және қаржылық тұрғыдан күрделі кезеңде кірісті. Оның басшылығы кезінде басқару үлгісі жүйелі түрде қайта қаралып, клуб қызметінің тұрақтылығы қамтамасыз етілді және алдағы кезең-кезеңімен дамудың негізі қаланды. Аталған уақытта бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Стадионға реконструкция жүргізіліп, материалдық-техникалық база жаңғыртылды. Маңызды қадамдардың бірі – «Ордабасы» футбол клубының жеке оқу-жаттығу базасының ашылуы болды. Бұл клубтың ұзақ мерзімді даму стратегиясын нығайтуға мүмкіндік берді. «Ордабасы» футбол клубы Асхат Рашидұлына алдағы кәсіби қызметінде табыс пен жаңа жобалардың сәтті жүзеге асуын тілейді, - деп жазылған хабарламада.

Асхат Сейсембек 2024 жылдың 3 маусымынан бастап «Ордабасы» клубының президенті қызметіне кіріскен еді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»