8 сағат бұрын
Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы «Оқжетпес» сапына қосылды
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
«Оқжетпес» командасы ресейлік қорғаушы Иван Кузьмичёвпен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабаралйды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Иван Кузьмичёв - «Лада-Тольятти» футбол мектебінің түлегі. Қорғаушы кәсіби футбол карьерасында «Лада-Тольятти» «Урал», «Локомотив», «Торпедо», «Родина» командаларында ойнаған. Ресей U21 жастар ұлттық құрамасына шақыртылып, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан.
Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Оқжетпес» футбол клубы бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Ал оған кейін бас бапкер болып тағайындалған Қайрат Нұрдәулетов жақында Талдықорғанның «Жетісу» командасының тізгінін ұстады.
Өткен жылы көкшетаулық клуб Премьер-лигада 35 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»