Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

«Тобыл» грузиялық қорғаушымен қош айтысты

«Тобыл» грузиялық қорғаушымен қош айтысты

Фото: «Тобыл» футбол клубы

Грузиялық жартылай қорғаушы Цотне Мосиашвили келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Цотне Мосиашвили 1995 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Футболшы мансабында ол Грузияның «Гагра», ВИТ-«Джорджия», «Торпедо», «Телави», «Динамо Батуми», қазақстандық «Жетісу» клубтарында доп тепті. 

Қостанайлық клуб сапына 2024 жылы қосылды. 

Қостанайлықтармен бірге Мосиашвили Қазақстан Кубогі мен чемпионаттың қоласын иеленді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»