5 сағат бұрын
«Қайсар» өз түлегімен келісімшартты ұзартты
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Тәжірибелі қорғаушы Абылайхан Төлегенов «Қайсардағы» мансабын одан әрі жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Клуб құрылымындағы барлық сатыдан өткен футболшымыз өткен маусымда қасқырлардың мақсатын орындауда зор үлесін қосып, өз позициясында сенімді ойнады, - деп жазылған хабарламада.
Абылайхан Төелегенов 1992 жылы дүниеге келген. «Қайсар» футбол клубының түлегі алғашқы мансабын 2010 жылы «Асбест» командасында бастап, одан кейін «Болат», «Байқоңыр», «Мақтарал» клубтарында ойнады. 2019 жылдан бері «Қайсар» сапында ойын көрсетіп келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»