4 сағат бұрын
«Астана» оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады
Фото: «Астана» футбол клубы
Елордалық «Астана» Біріккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиынын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Астаналық команда соңғы кездесуде Өзбекстанның «Динамо» командасымен шеберлік байқасты. Елордалық клуб сапынан Әлібек Қасым және Рамазан Каримов гол соқты. Ойын 90+30 минут форматында өтті.
Команда 2 ақпанда Дубайға аттанып, жаңа маусымға толыққанды дайындық өткізуге мән берді. Жаттығуға шақырылған футболшылар тізіміне Қазақстандық ойыншылардың қатарында легионерлер де қосылған.
Еске салайық, өткен маусымда КПЛ-де «Астана» 57 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға табан тіреген. Бұл клубқа УЕФА Конференциялар Лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»