Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

«Елімай» жастары Астанада дайындығын бастады

«Елімай» жастары Астанада дайындығын бастады

Фото: «Елімай» футбол клубы

Өткен маусымда семейлік жігіттерден құралған «Елімай М» командасы республикалық Екінші лигада тамаша нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Осы жетістік арқасында биыл бәсекелестігі жоғары Бірінші лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. 

Қазіргі таңда команда Елордада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа маусымға тыңғылықты дайындық үстінде. Жиын барысында елордалық «Жеңіс» және «Астана» жастар құрамымен жолдастық кездесулер жоспарланған.

Команданың басты ерекшелігі 100% семейлік құрам. Бапкерлік штабты семей футболының түлегі, тәжірибелі маман Серік Каппаров тізгіндеп отыр. Бұл жергілікті футболшыларға сенім мен мүмкіндік берудің айқын көрінісі.

Бүгін «Елімай» КеАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Еркінұлы командамен арнайы кездесіп, алдағы жоспарларды талқылады. Ашық диалог барысында клубтың стратегиялық бағыты, маусым алдындағы дайындық және негізгі мақсаттар сөз болды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»