Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Юрген Клопптың қандай клубтардан ұсыныс алғаны белгілі болды

Юрген Клопптың қандай клубтардан ұсыныс алғаны белгілі болды

Юрген Клопптың агенті Марк Косицке неміс бапкерінің мансабын жалғастырудағы мүмкін опциялары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Red Bull-ға келгенге дейін Юрген АҚШ немесе Англия құрамаларын басқара алар еді. Бәлкім, Юлиан Нагельсманн келіспесе, Германия құрамасына баруы мүмкін еді. «Челси» мен «Манчестер Юнайтедтен» ұсыныстар болды. Бірақ Юрген Англиядағы басқа клубты жаттықтырмайтынын нақты айтты. Дегенмен, сұраныстар үнемі болып тұрады», — деп мәлімдеді Косицке Transfermarkt порталына берген сұхбатында.

Клопп «Ливерпульды» 2015 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін жаттықтырды. Оның басшылығымен «қызылдар» ұзақ уақыттан кейін алғаш рет Англия чемпионатының жеңімпазы атанды. UEFA Чемпиондар Лигасының финалына үш рет шықты және бір рет турнирді жеңіп алды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»