4 сағат бұрын
Шыңғыс Рақпаров карьерасындағы екінші Олимпиаданы аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Италияның Валь-ди-Фьемме өңіріндегі «Предаццо» стадионында Милан-Кортина Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасындағы жүлдегерлер белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл сында ел намысын Шыңғыс Рақпаров қорғады.
Ұлттық құрама спортшысы шаңғымен еркін стильде 10 шақырымға жарыста мәреге 32-ші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші 32 минут, 42 секунд.
Айта кетейік, күндіз Шыңғыс үлкен тұғырдан (HS130+) секіруде 108 метрмен 88.4 ұпай жинап, 35-ші сатыдан көрінген.
Шаңғы қоссайысы, үлкен трамплин жүлдегерлері:
1. Енс Лурос Офтебру (Норвегия)
2. Йоханнес Лампартер (Аустрия)
3. Илькка Херола (Финляндия)
Айта кетейік, бұл Шыңғыстың карьерасындағы екінші Олимпиада. Ол 4 жыл бұрын Бейжіңде спорттың осы түрінен ақ ойындарға жолдама алған тұңғыш отандасымыз атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»