Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

«Оқжетпес» жеке меншікке өтеді: клубтың жаңа қожайыны кім болады?

«Оқжетпес» жеке меншікке өтеді: клубтың жаңа қожайыны кім болады?

Көкшетаудан шыққан «Оқжетпес» футбол клубы жекеменшікке өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz. сайты Kozachkov offside телеграм арнасына сілтеме жасап.

Eнді бұл команданы Ақмола облысының аграршылары құрған қоғамдық қор өз қамқорлығына алады.

Өткен жылдың күзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдеріне отандық футбол клубтарын қолдауға шақырған болатын. Бұл үндеуге Forbes тізіміне енген кәсіпкерлер үн қатты да, жаңа маусым қарсаңында алты команда түрлі компаниялармен келісімшарт жасады. Қазір «Ордабасы», «Шахтер», «Жеңіс», «Ақтөбе», «Қызылжар» және «Қайсар» клубтары жекеменшік сектордан қолдау алып отыр.

Ал Ақмола облысында басқа жол таңдалды. Мұнда «Оқжетпес» футбол клубына жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері қамқорлық жасамақ. Бұл кездейсоқ емес. Өңір астық өндіру бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Өткен жылы фермерлер 7 миллион тоннадан астам дәнді дақыл жинап, жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,2 триллион теңгеге бағаланған.

Аграршылар – бейжай қарай алмайтын жандар. Сондықтан олар жергілікті футбол командасын бірігіп қолдауға ұйғарым қабылдады. Осы мақсатта арнайы қоғамдық қор құрылды. Қорды Қазақстанның еңбек ері Иван Сауэр басқарады. Бүгін жаңа жобаның басталуына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ресми түрде рұқсатын берді.

Осылайша, «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасындағы бюджеттен қаржыландыруы қысқартылатын жетінші клуб болмақ. Қазіргі басты мақсат – Қазақстан чемпионатында өңірдің намысын лайықты қорғау және жас футболшыларды дамыту. Клуб Еуропа мен Африкадан жасы үлкен легионерлерді шақыруды жоспарлап отырған жоқ.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»