6 сағат бұрын
Егор Ткаченко – «Атырау» ойыншысы
Фото: «Атырау» футбол клубы
Егор - «Қайрат» футбол академиясының түлегі Егор Ткаченко «Атыраудың» қорғаныс шебінде ойын көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мансабында ол «Қайрат Мәскеу», «Қайрат Алматы», «Қайрат Алматы-2», «Жетісу» және «Елімай» клубтарында ойнады.
Сондай-ақ ол Қазақстан жастар құрамасының (U21) сапында ел намысын қорғаған.
«Атырау» футбол клубы Ескендір Қыбырай, Лука Згурский, Вадим Афанасенко, Дмитро Рижук, Василий Совпель, Цветелин Чунчуков, Данияр Урда, Карим Смыков, Әлішер Сүлеймен, Вадим Яковлев, Нұрдәулет Байбосынов және Нұрдәулет Орынбасардың командадан кеткенін жариялады.
Айта кетсек, «Атырау» футбол клубының бас бапкері Виталий Леонидович Жуковский «Атырау» футбол клубымен келісімшартын ұзартты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»