Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Аяна Жолдас Олимпиадада ойын көрсетуі жайында айтып берді

Аяна Жолдас Олимпиадада ойын көрсетуі жайында айтып берді

Фото: Қазақстан ҰОК

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Аяна Жолдас 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жекелей сайыста өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Отандасымыз жарыстан кейін бұл Олимпиадаға отадан соң қатысқанын айтты.

"Бар күшімді салдым. Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Әрине, қос аяқтап түсе алмадым. Бірақ бұл менің ең сәтті секірулерімнің бірі болды деп ойлаймын.

Екінші секіруді қар үстінде орындадым. Оны өмірімде екінші рет қана жасадым. Себебі Олимпиадаға санаулы күн қалғанда бағдарламамызды күрделендірдік.

Шынымды айтсам, қатты қуаныштымын. Өйткені желтоқсанда жарақат алып, ота жасаттым. Отадан кейін қалыпқа келуге ұзақ уақыт кетті. Солай бүкіл маусымды өткізіп алдым. Соған қарамастан осында келіп, Олимпиадада өнер көрсеткеніме өте ризамын.

Маусымның басым бөлігін өткізіп алған соң, психологиялық қысым да сезілді. Кеше ауа райы да қолайсыз болды. Жаттығу кезінде бәрі жақсы еді, бірақ аяқталған соң үзілісте ауа райы күрт бұзылып, қалың қар жауды.

Қардан кейін жел көтерілді. Бақытымызға орай, жарыстар тоқтатылды. Ал бүгін күн ашық, жел де қатты емес. Жағдай өте жақсы.

Ертең ерлер құрамасы өнер көрсетеді. Жігіттерге сенемін. Олар финалға да, суперфиналға да өтеді деп үміттенемін. Құдай қаласа, жүлде үшін таласады", - деді Жолдас.

Айта кетейік, Аяна Жолдас қос іріктеу кезеңінің нәтижесінде 21-орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»