4 сағат бұрын
«Оқжетпес» грузиялық команда қақпасына төрт гол соқты
Фото: «Оқ» футбол клубы
Көкшетаулық «Оқжетпес» оқу-жаттығу жиыны барысында Грузияның «Самтредия» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық команда сапынан Дмитрий Бородин, Тоқтар Жаңғылышбай, Оралхан Өміртаев, Кобыланды Камариден гол соқты. Нәтижесінде олар қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Оқжетпес» футбол клубы бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Ал оған кейін бас бапкер болып тағайындалған Қайрат Нұрдәулетов жақында Талдықорғанның «Жетісу» командасының тізгінін ұстады.
Өткен жылы көкшетаулық клуб Премьер-лигада 35 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»