5 сағат бұрын
«Ордабасы» «МЮ» командасын ойсырата жеңді
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
«Ордабасы» Түркияда кезекті жолдастық матчында Қырғызстанның «Мурас Юнайтед» командасын ірі ессеппен жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында шымкенттік клубтан Эльхан Астанов, Димитар Митков, Мағжан Тоқтыбай, Бағдәулет Нұралы гол соқты. Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
«Ордабасы» құрамы
Қақпашылар: Бекхан Шайзада, Кажымұқан Төлепберген, Аян Әбдіхалык;
Қорғаушылар: Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Әбдәшім Әнуар, Әли Тұрғанов, Сұлтанбек Астанов;
Жартылай қорғаушылар: Зикрилло Султаниязов, Муроджон Халматов, Әмір Жасұлан, Кристиан Капацина, Юрий Вакулко, Нұрдәулет Серік;
Шабуылшылар: Бәкір Джамалов, Эвертон Мораес, Нұралы Бақдәулет, Наумец Владислав, Тоқтыбай Мағжан, Тоқтыбай Біржан, Әлібек Халдар.
«Ордабасы» былтырғы маусымда 26 ойын өткізіп, 35 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»