5 сағат бұрын
«Елімай» өзбекстандық клубпен тең түсті
Фото: «Елімай» футбол клубы
Семейлік «Елімай» командасы оқу-жаттығу жиынында Өзбекстанның «Динамо Самарканд» командасымен тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында олар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Нәтижесінде командалар 2:2 есебімен қанағат білдірді.
Клуб 2026 жылы 6–28 қаңтар мен 3–27 ақпан аралығында Абу-Дабиде (БАӘ) екі кезеңде дайындық өткізеді. Жаттығулар барысында Андрей Карпович баптайтын команда бірнеше дайындық матчтарын өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Елімай» 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға ие болды. Бұл нәтиже клубқа алғаш рет Конференция Лигасына іріктеу кезеңінен қатысу мүмкіндігін берді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»